«БЕККО» ЖШС

«БЕККО» ЖШС «Caspian Business Support» компаниясымен 2008 жылдан бері бірге қызмет істеп келеді. Осы уақыттың ішінде «Caspian Business Support» компаниясы «БЕККО» ЖШС-мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында Аджип КҚО-ның келесі жобаларында инжинирингтік қызмет көрсету бойынша жұмыстарына қатысуда: «Экспорттық газ құбыры», «Экспорттық мұнай құбыры» нысандар құрылысын техникалық сүйемелдеу.

«Экспорттық мұнай құбыры және экспорттық газ құбырлардың сыртын бетонмен құю құрылысы». Бірігіп жасаған жұмыстың нәтижесінде «Caspian Business Support» компаниясы қызметкерлерінің кәсіпқойлығын, құзыреттілігін және компания басшылығының ілкімділігін айтқымыз келеді. «Caspian Business Support» компаниясының тиімді жұмысы нысандар құрылысының жұмыс құжаттамасы мен жұмыс жобаларының белгіленген тәртібінде бекітілген ережелерімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасымен, бірінші кезекте, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, жұмыс сапасы мен орындау мерзімнің нұсқаулықтарымен сәйкес жүзеге асырылады. «Caspian Business Support» компаниясы әрбір Тапсырыс беруші үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызмет көрсету жағынан жұмыстар орындауда айтарлықтай маңызды болуы мүмкін, себебі тиісті материалдық-техникалық базасы мен әр түрлі деңгейі мен масштабы бар жобаларды жүзеге асыруға қабілеті бар. Біздің компаниямыз «Caspian Business Support» басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс білдіреді.