Сапа менеджменті жүйесі

Компанияда сапа менеджменті жүйесінің енгізілуі жүзеге асырылуда. «Caspian Business Support» компаниясының ең басты артықшылығының бірі – әр түрлі күрделі нысандардың жобалау мәселелерін шешуге қабілеттері бар аса білікті инженерлік қызметкерлер. Компания салынып жатырған қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

“Caspian Business Support” компаниясының ең басты құндылығының бірі – күрделігі қандай болса да құрылыс бойынша мәселелерді шешуге қабілеті бар аса білікті мамандар. Техникалық қауіпсіздігіне бақылау жасау компания қызметінің негізгі белгісі болып табылады. Компания қызметкерлері жұмыс жасайтын барлық құрылыстық алаңдарда, бірінші кезекте, техникалық қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша қадағалау жасалады, мекеменің жұмыс жасаған уақытында бірде бір инцидент не жазатайым оқиға болған жоқ.
«Caspian Business Support» компаниясының қызметкерлер құрамы өз мақсатын қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуда, жасақталып жатырған техникалық құжаттардың бәсекелесу қабілетін көтеруде, материалдық-техникалық базаның технологиясын жетілдіруде, жалпы бірлескен этиканы көтеруде, жобалау жұмыстардың мерзімін сақтауда, экологиялық баланс пен еңбек қауіпсіздігін сақтауда көреді.
Жұмыс сапасын көтеру үшін жобалау бойынша үздіксіз жаңа технологиялар меңгеріліп жатыр. 2010 жылы ISO 9001: 2008 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесі жасақталып, енгізілді. Кезең-кезеңмен сапа менеджментінің жүйесі табысты енгізіліп, үнемі жетілдірілуде.
Сыртқы аудит өткізу үшін“BGS Consult” ЖШС компаниясының мамандары қатыстырылды. Сыртқы аудит «Caspian Business Support» компаниясының сапа менеджменті жүйесіне және оның құрылымы ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес келуін растап, сәйкес келу сертификаттары салтанатты түрде берілді.
Сертификаттау саласы:
«Құрылыс саласындағы жобалау және консалтингтік қызмет көрсетулер»
-құрылыстық жобалау
– инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
– магистралдық мұнай құбырларын, газ құбырларын жобалау (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау)
-сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік қызмет көрсетулер, атап айтқанда: ғимараттар мен құрылғылардың құрылысында (күрделі жөндеу, қайта құру) тапсырыс берушінің және жобалау мекеменің (авторлық қадағалау) өз бақылауын жүргізу бойынша қызмет көрсетулер (техникалық қадағалау, инженерлік қызмет, құрылыстарды технологиялық сүйемелдеу).
ISO 9001:2008 ішінара ықпалдау сапа менеджменті жүйесінің сертификаттауын жасақтап, енгізіп, табысты өттік.

Компания туралы қосымша мәліметтер:
Ұйымдастыру құрылымы (PDF форматы)
Компанияның жұмыс тәжірибесінің кестесі (PDF форматы)

Кепілдеме хаттар (PDF формат):
Пундж Ллойд Казахстан
Теміржол Құрылыс-Атырау
Saipem
Каспиан Проджер Инжиниринг & Консалтинг
БЕККО